14
февраль
2020
"ТАРИХ САБАҒЫНДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН КӨТЕРУ МАҚСАТЫНДА ІСКЕРЛІК ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ" атты қалалық семинар-практикум болып өтті.
Қ А Л А Л Ы Қ С Е М И Н А Р
13 ақпан күні Тараз қаласы Шона Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінде "ТАРИХ САБАҒЫНДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН КӨТЕРУ МАҚСАТЫНДА ІСКЕРЛІК ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ" атты қалалық семинар-практикум болып өтті.
Мақсаты: Оқушылардың ізденушілік қабілетін арттыруда сабақта белсенді әдістерді пайдаланудың тиімділігін көрсету. Семинарға қала мектептерінен 37 мектеп мұғалімі және ТарМПУ-нен арнайы қонақтар және қалалық білім бөлімінің әдіскері Ә. Халымбетова қатысты.
Семинарды мектеп директоры Б.Ж.Жақсыбеков ашып берді. Семинар барысында тарих пәнінің жоғары санатты мұғалімі, пән бірлестігінің жетекшісі Молдабаева Бағдат Шектібайқызы коучинг өтті. Тарих пәнінің мұғалімдері Ташкарева Гүлдана және Жиеналиева Эльмира ашық сабақтар өтсе, Тарих пәні бірлестігінің жалпы мұғалімдері "ӘЛ- ФАРАБИ ТАҒЫЛЫМЫ" атты сыныптан тыс жұмыс өтті. №53 Қ. Тұрысов атындағы мектеп гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Алтынбекова Г. пән бойынша 9-сыныпты қорытынды аттестаттауға дайындық жолдары туралы айтып өтті. Семинар соңы мұғалімдер кері байланыс жасап, семинар бағасына оң бағасын беріп, мол тәжірибе алмасып өткендерін айтты. Осындай жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізген семинар үшін мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімдеріне, директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Идиятова Гүлзира Жандаулетқызына және мектеп директоры Жақсыбеков Баймұрат Жақсыбекұлына алғыс айтамыз.