30
январь
2024
“Оқуға құштар мектеп”
Шона Смаханұлы атындағы #44 орта мектебінде “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында мектеп кітапханасына жас бүлдіршіндер кітапхана өмірімен танысуға келді.
Мақсаты: Білімнің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру, кітапқа деген қызығушылығын арттыру.
“Ертегілер елінде” атты көрмемен таныстыруды жөн көрдік.Өйткені балалардың ең сүйіп көретін ертегілері туралы жазылған кітаптар қойылған көрмеге бірінші болып көз тастаған бүлдіршіндердің жүздерінде қуаныш сезілді.
Оқушылар белсенділік танытып, әр оқушы өзіне анасы оқып берген ертегілермен бөлісті. Өздерінің сүйікті кейіпкерлері жайлы қызықты кітаптар “Қызыл телпек”, “Көңілді көжек”, “Жасырынбақ”, т/б ашылмалы ертегілерді тамашалады.