21
декабрь
2022
№44 орта мектебінде 3 сынып білім алушыларына әлем ертегі кітаптарын оқу іс- шарасы ұйымдастырылды.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 2022 жылдың 21 желтоқсан күні Шона Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінде 3 сынып білім алушыларына әлем ертегі кітаптарын оқу іс- шарасы ұйымдастырылды. «Оқуға құштар мектеп» жоба жоспары бойынша Х. К. Андерсеннің таңғажайып ертегі әлеміне саяхат жасадық. Мақсаты: Даниялық ертегіші Х. К. Андерсеннің өмірі мен шығармашылығы туралы балалардың білімін кеңейту. Андерсеннің ертегілері бойынша викториналар, байқаулар; кейіпкерлердің іс-әрекеттерін салыстыруға, талдауға үйрету; мәнерлеп оқу және рөлдер бойынша оқу дағдысын пысықтау. Іс-шара 4 бөлімнен тұрды. "Ертегіні тап" бөлімінде білім алушылар кейіпкер арқылы ертегіні тапты. «Буккроссинг» бөлімінде төрт ертегіні жарнамалады. "Ертегі, мен сені білемін" бөлімінде ертегі желісі бойынша тапсырмалар орындады. Стоп-кадр бөлімінде «Ұсқынсыз үйрек балапаны» ертегісі бойынша мазмұнын айтып, негізгі ойды айтып, талдады. Ертегі желісі бойынша сурет салды. Оқушыларға «Алтын бала», «Түймеқыз», «Ұсқынсыз үйрек балапаны», «Бақташы қыз бен пеш тазалаушы», «Жабайы аққулар» ертегі кітаптары таныстырылды. Оқушылар кітаптарды қызыға оқып, қойылған сұрақ жауаптарға белсене қатысты. Өздеріне берілген кейіпкерлерді толықтай аша білді. Іс-шара соңында "Андерсеннің ең жақсы ертегі оқырманы" медалімен марапатталды.