17
сентябрь
2025
«Адал азамат: отбасы, мектеп және қоғам үндестігі – жаңартылған тәрбие бағдарламасы» тақырыбында маңызды кездесу өтті.
Бүгін «Адал азамат: отбасы, мектеп және қоғам үндестігі – жаңартылған тәрбие бағдарламасы» тақырыбында маңызды кездесу өтті.
Конференция барысында жаңартылған тәрбие бағдарламасының мазмұны, оның отбасы, мектеп және қоғам арасындағы өзара байланысы, жас ұрпаққа адалдық, жауапкершілік, азаматтық құндылықтарды дарытудағы рөлі талқыланды.
Жаңа бағдарламаның басты мақсаты – өскелең ұрпақты адалдыққа, еңбексүйгіштікке, отбасылық құндылықтарға және қоғаммен үйлесімді өмір сүруге тәрбиелеу.