ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ - 2023 » СШ №44
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№44 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 52-20-82
Есепші бөлімі:
+7(726) 52-19-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ - 2023
27
декабрь
2023

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ - 2023

Ш.Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінде 2023 жылдың маусым айынан бастап күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мектебімізге 254819 млн қаражат бөлінді. Осы қаржыға мектептің есік-терезесі, едені, жылу жүйесі, әжетханалары т.б. жұмыстар жасалынды.  Қалалық білім бөлімінен мектепке жоғары сыныптарға арналған 10 класс комплекті берілді. Асханаға тоңазытқыш,мұздатқыш,қуыру шкафы,плита, ас дайындайтын үстел және оқушы тамақ ішетін 20 үстел орындығымен берілді. 
⚜Мектеп ұжымы  100 пайыз «ОPIQ.KZ»  платформасымен  жұмыс жасауда.
⚜Балаларды жайлы және қауіпсіз ортамен қамтамасыз ету мақсатында мектебіміз бейнебақылау, дабыл түймесі жүйелерімен қамтамасыз етілген.
⚜2022-2023 оқу жылында 79 педагог біліктілік арттыру курстарынан өтсе, 2023-2024 оқу жыдың І жарты жылыдғында 31 педагог біліктілік арттыру курстарынан өтті
⚜2022-2023 оқу жылында 29 педагог біліктілік санаттарын растады және алды. Оның ішінде педагог-модератор – 9, педагог-сарапшы-13, педагог-зерттеуші-7 өтті.
⚜2023 жылы өткізілген М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университтетініде өткен Халықаралық педагогикалық оқуларда  «Үздік инновациялық сабақ (тәрбиелік іс – шара)» 5 – 9 сыныптар.-Джумагулиева М.- ІІ орын «Үздік мақала»-Сейдахметова Г.- І орын. «Үздік оқулық,оқу құралы, оқу әдістемелік құрал» номенациясы-Байлиева Ж.- І орын, Халықаралық педагогикалық «Инновациялық өнім -2023»-Иманбекова С.М.- І орын иеленді.
⚜Алматы қаласы, математика пәні мұғалімдерінің ІХ Халықаралық шығармашылық байқауында Торбаев Нұрғали- ІІІ орын. Республикалық Педагогикалық идеялар фестивалі Косумова Г.С. - ІІІ орын иеленді.
 ⚜Облыстық байқаулардан 15 жүлделі орын, қалалық байқаулардан 17 жүлделі орынға ие болдық.
⚜Жетекші мектеп ретінде серіктес мектептермен зерттеу жұмыстары бойынша « Іс-әрекеттегі зерттеу-кәсіби даму кепілі» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.
⚜Білім алушылар жетістігіне тоқталатын болсақ облыстық пән олимпиадалар, зерттеу жобалар мен  байқаулардан 37 жүлделі орын, қалалық пән олимпиадалары мен зерттеу жобалардан, әр түрлі байқаулардан 58 білім алушы жүлделі орындар иеленді.Қашықтық пән олимпиадаларынан білім алушылар 796 дипломдармен марапатталды. (Дарын онлайн- 254, Кенгуру-математика барлығы үшін»-145, «Ақбота» республикалық зияткерлік олимпиадасы- 331, «Тарих ата»- 66 )
⚜2022-2023 оқу жылының соңындағы  облыстық рейтинг критерийлері бойынша инновация режиміндегі мектеп деңгейінде тұрақталды.        
⚜Биылғы оқу жылының тағы бір жаңалығы - тәрбие мәселесіне баса көңіл аударылды. «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» әзірленіп, барлық мектептерге енгізілді. Оның мақсаты жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде адал азаматты тәрбиелеуді көздейді. Білім беру ұйымдарының барлық тәрбие жұмысының мазмұнында ұлттық мүдде, ар-ұят, талап тәрбие құндылықтары арқылы жүзеге асырылады. Бағдарламаның басты ерекшелігі - бала тәрбиесінде «ата-ана-мектеп-қоғам» ынтымақтастығын нығайту.
⚜Білім беру ұйымдарында білім алушыларды тәрбиелеу ісі оқу пәндерінің мазмұны, сынып сағаттары мен тәрбиелік іс-шаралар,  сыныптан тыс іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады.  
⚜Жас ұрпақ тәрбиесі – бүкіл қоғамның міндеті. Өскелең ұрпаққа ерекше көңіл бөліп, оларды игі істерге бағыттау маңызды. Барлық білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыру, балалардың бойына адами құндылықтарды сіңіру, мектеп пен отбасының өзара байланысын нығайтуға аса мән беріледі. 
⚜Балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналарымен қарым-қатынасын күшейту, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту мақсатында  "Ата-аналарды педагогикалық қолдау" орталығы ұйымдастырылып, жоспарына сәйкес тәрбие процесін ұйымдастыруда және басқаруда мектепке көмек көрсету мақсатында "Әкелер мектебі", «Әжелер мектебі»,«Даналық мектебі»  жобаларымен жұмыс  жүргізілуде.
⚜ 2023-2024 оқу жылында мектебімізде 1-4 сынып аралығында 331 оқушы ал 5-11 сынып аралығында 153 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды. Оқушылардың тегін ыстық тамақ ішу кестесі құрылған,кезекшілік кестесін ауысым орынбасарлары мен медбике және әлеуметтік педагог қадағалап тұрады.
⚜2023 оқу жылында мектепке 3189 дана оқулықтармен, 38546 электронды оқулықтар 175 оқу-әдістемелік кешендермен, 46331 көркем әдебиеттермен қамтамасыз етілді.
⚜Жастар мен жасөспірімдер арасында деструктивті және аутодеструктивті мінез құлықтың алдын алу мақсатында  «Бестерек» жобасы аясында жұмыстар жүргізілуде.    
⚜Қауіпсіз интернет,буллинг және кибербуллингтің алдын алу шаралары. Ғаламтордың пайдасы мен зияны білім алушыларды ақпараттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. 
⚜Білім алушыларды  әдептілікке сыпайлыққа, инабаттылыққа, мейрімділікке тәрбиелеуде және  ерте жүктіліктің алдын алу үшін  «Қыз инабатылығымен әдемі , әдептілігмен сәнді» тақырыбында қыздармен жұмыс жүргізілді.
⚜Жомарт түлек жобасы аясында ай сайын кездесулер өткізіліп, қалалық білім бөліміне есеп беріліп отырады. Мектептің әлеуметтік желілері мен мектеп сайтына жарияланып  тұрады.
⚜Инклюзивтік білім беруде үйде оқытылатын білім алушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау жүргізіліп отырады. 
⚜Үйде оқитын білім алушыларға, әлеуметтік осал топтардағы отбасынан шыққан, жетім балаларға, көмекке мұқтаж отбасыларға спонсорлық көмек көрсетілді.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Ajpgwm
7 марта 2024 18:41
order lipitor 20mg <a href="https://lipiws.top/">atorvastatin 80mg price</a> order atorvastatin 10mg generic