"ШОНА - АРДЫҢ АҚЫНЫ" атты іс-шара өтілді. » СШ №44
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№44 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 52-20-82
Есепші бөлімі:
+7(726) 52-19-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "ШОНА - АРДЫҢ АҚЫНЫ" атты іс-шара өтілді.
15
ноябрь
2019

"ШОНА - АРДЫҢ АҚЫНЫ" атты іс-шара өтілді.

    "ШОНА - АРДЫҢ АҚЫНЫ"
    Бүгін 2019 жылдың 15 қараша күні мектебімізде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "БОЛАШАҚҚА БАҒДАР РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ" бағдарламасы аясында Алаштың ардақты азаматы , қайраткері , сатира саңлағы , көрнекті ақын сатирик Шона Смаханұлының 95 жылдық мерейтойы "ШОНА - АРДЫҢ АҚЫНЫ" атты атауымен аталып өтілді. Бір айға созылған бұл іс-шара бүгін қорытындыланып, әдеби-рухани кеш болып, өз шымылдығын жауып отыр. Бүгінге дейін мектебімізде Шона Смаханұлы айлығына аталып өтілген іс-шаралар ауыз толтырып айтарлықтай баршылық. Осыларға тоқтала кетер болсақ; Шона өлеңдерін оқудан сыныптар арасында эстафеталық челлендж, 8-11 сыныптар арасында шығарма жазу байқаулары, үздік видеоролик байқауы, сынып жетекшілеріміздің өткізген Шона туралы тағылымы мол сынып сағаттары, бастауыш сынып оқушылырының арасында мәнерлеп оқу сайыстары,5-7 сыныптар арасында Шона шығармаларынан қойылымдар, Шонаның көзін көрген облыс көлеміне танымал жазушы, ғалым, "Шона танушы" журналист аға буындармен жас ұрпақ оқушылырымыздың арасында кездесу дөңгелек үстелі, т.б сол сияқты мән-мағынаға толы іс-шаралар өткізіліп келді. Аталған бүгінгі іс-шарада алғаш екі тілде білім берген мектебімізді толық қазақ мектебі етуге тер төккен, сонымен қатар мектепке Шона Смаханұлының есімін алуға үлкен үлесін қосқан , білім ордасын 20 жыл басқарған ардагер-ұстаз ГҮЛСІМ НҰРЖАНОВА апайымыздың құттықтау сөзі барша көрермендердің зор ықыласына ие болды. Бүгінгі әдеби сазды рухани кешке ақынның ұлы Ұлан ағамыз келіп, ақын, сатирик атындағы мұражайға бет бұрып, оның қолданыста болған заттарымен танысты. Ақының балдызы Қаракөз әпкеміз келіп, домбырада "АНАМНЫҢ ТІЛІ" әнін айтты.
Дәл осы әнді мектебіміздің 5-6 сыныптың 200 оқушысы хор етіп айтып, сахнаны керемет әсерге бөледі. "Нұр Отан" ХДП келген өкіл екі әріптесімізге Құрмет Грамотасын табыс етті. Олар директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Райкулов Мәулен Райқұлұлы және бастауыш сыныптың жоғары санатты мұғалімі Керімбаева Жазира. Сонымен қатар бүгінгі осы Шона айлығының жабылуы жоғары деңгейде өтіп, 95 жылдық тойға келген қонақтар, ұстаздар, оқушылар, ата-аналар жалпы көрермен қауым осы іс-шараны ұйымдастырып өткізген мектеп ұжымына және мектеп басшылығына зор ілтипатын білдірді. Осындай жоғары деңгейде өткізілген "ШОНА- АРДЫҢ АҚЫНЫ" атты әдеби сазды рухани кешті облыстық #77TV телеарнасы бейнесюжетке түсіріп, облыс жұртшылығына ұсынып отыр. Осы орайда бұл іс-шараның өте жоғары деңгейде өтуіне тікелей мұрындық болған мектеп директоры Жақсыбеков Баймұрат Жақсыбекұлына зор ықыласпен алғыс айтамыз.💐💐💐🌹🌹🌹🌹🌟🌟🌟🌟 Сонымен қатар бұл іс-шараны ұйымдастырып өткізген мектеп директорының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Жолдыбаева Салтанат Мейрамбекқызына және 9-А, В, Г сынып оқушыларына және сынып жетекшілері Каримова А. Бағланұлы Р, Ибраимова С. ұстаздарымызға да алғыс айтамыз. 










Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив