18
ноябрь
2019
Ғазиз Байтасовты еске алуға арналған конференция өтті.
Бүгін 2019 жылдың 18 қараша күні мектебімізде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "БОЛАШАҚҚА БАҒДАР РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ" бағдарламасы аясында алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Исаев Қасым Сарыпбекұлы мен мектебіміздің "Өзін - өзі басқару ұйымы" бірігіп халық қаhaрманы Ғазиз Байтасовты еске алуға арналған конференция өткізді. Бұл жиынға 9-10сынып оқушылары қамтылып , батырдың ерлігі оқушылырға баяндалды. 10-А сынып оқушысы Сатыбалды Аяулым батыға жүрек жарды арнау өлеңін шығарды.❗Еске сала кетер болсақ полиция капитаны, Ғазиз Байтасов Тараз қаласында қауіпті лаңкес қылмыскерді ұстау барысында қайтыс болды. Қылмыскердің қолындағы гранатаны халыққа қарай лақтыруға жол бермей, өз денесімен жауып қалды. Осы ерлігі үшін оған Қазақстанның Халық қаһарманы атағы берілді.



