18
декабрь
2019
"Ел бақытын тербеткен тәуелсіздік" атты мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "БОЛАШАҚҚА БАҒДАР- РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ" бағдарламасы аясында
ҚР тәуелсіздігінің 28 жылдығына орай мектебімізде "Ел бақытын тербеткен тәуелсіздік" атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Концерт барысында бірқатар мектеп ұстаздарына алғыс жарияланып, мадақтама қағаздары табысталды. ҚР тәуелсіздігінің 28 жылдығына орай 25 есім жобасының жеңімпаздарының тізімі жарияланды. Сонымен қатар концерт барысында ән, би, күй, Қ.Рысқұлбековтың рөліндегі көрініс, баяндама, тәуелсіздікке арналған жыр шумақтары орындалды. Концерт жоғары деңгейде өтілді. Ұйымдастырушылар: 8В, 8Ә сыныптары. Осындай іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне тікелей мұрындық болған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жолдыбаева Салтанат Мейрамбекқызына алғыс айтамыз.