02
ноябрь
2021
"Бүгінгі жас маман келер ұрпақтың сәулеткері"
Тәлімгерлік – бұл білікті маманмен жүзеге асырылатын білім мен тәжірибені беру мақсатында жас маманға басшылық ету. Осыған орай жас маманға көмек ретінде мектеп тәлімгерлері "Бүгінгі жас маман келер ұрпақтың сәулеткері" тақырыбында коучинг сессия өтті. Коучинг барысында жас мамандарданмен «ҚМЖ құру қиындықтары», «БЖБ мен ТЖБ –алуда кездесетін қиындықтар», «Сергіту сәті», «Дарынды оқушымен жұмыс жүргізу ерекшеліктері», «Бағалау, кері байланыс» жұмыстары жүргізілді. Жұмыс барысында жас мамандар өздерінін жұмысында қиындық туындатып жүрген сұрақтарының жауап алғанын, коучинг сессияның өте қызық өткенін айтты.
Қазіргі заман тәлімгері - заман талабына сай, жан-жақты, білім мен тәжірибені ұштастыра білген, жаңа технологиялармен қаруланған бала жанының бағбаны демекші, тәлімгерлер тарапынан жас мамандарға әдістемелік көмек көрсетілді.



