

Ш. Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінде 17.02.2023 жылы 11 сынып жетекшілері Өзбекова А,Жиеналиева Э,Тоқтаған Н ұйымдастыруымен мамандықты дұрыс таңдаудың негізгі себептері мен жастардың болашаққа деген сенімін арттыру мақсатында дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс-шараға 11-сынып оқушылары мен мектеп бітіріп кеткен түлектер қатысты. Дөңгелек үстел еркін форматта өтті. Кеш қонақтары М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің білімгерлері Кеңес Нұрдәулет, Оңласынов Рахат, Сауытбек Данагүл, Көбеев Мұхаммедқали, Қуатбек Маржан, Мақсұт Аида қазіргі заманның ең қиын және өзекті мәселесінің біріне айналып отырған мамандықты дұрыс таңдауда қателеспеуі айтылды. Іс-шара соңында мектеп директоры Иманбекова Сандуғаш Мұханқызы келген түлектерімізге алғысын білдіріп , биылғы түлектерізге «Еліміздің болашағы – сіздердің қолдарыңызда». Сондықтан да қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларына ізгі ниетін білдірді.