30
октябрь
2023
"Ертегілер еліндегі қызықтар" тақырыбында ертеңгілік өтті.
2023 жылдың 27 қазанында Шона Смаханұлы атындағы 44 орта мектебінде 1-2 сыныптар арасында "Ертегілер еліндегі қызықтар" тақырыбында ертеңгілік өтті. Мақсаты: Оқушылардың ертегілер туралы білімдерін тереңдету; ертегілерді сахналау барысында кейіпкерлердің мінез- құлқын жеткізе білуге,сөз мәнерін,қимыл-қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету.Оқушылардың бойындағы адамгершілік,шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ертеңгілік 2"В" сынып оқушыларының "Ертегілер" әніне билеумен ашылды.Ертеңгілік барысында 2 сынып оқушыларының Ханшайымға жолдаған хаты бойынша,Ханшайым қонаққа келеді.Оқушылармен Ханшайым кездесіп,оларға ертегі туралы не білетінін сұрады.Ханшайым өзінің әлемінен әкелген " Бауырсақ" ертегісінің жаңа форматтағы қойылымын көруге шақырды.Балалар ертегі кейіпкерлерінің рөлін жоғары деңгейде сахналап көрсете білді.Шал мен кемпірдің қазақша образы көрсетілді. Бауырсақ өзінің батылдығымен,тапқырлығымен кездескен жауларын жеңіп,олармен достасып алады.Соңында Бауырсақ үйіне аман-есен оралады.Достарын шақырып,бәрі " Қара жорға" биін билейді.Әрі қарай оқушылардың әнімен жалғасып,барлық балалар ортаға шығып биледі.Ертеңгілікті мектеп директоры Иманбекова Сандуғаш Мұханқызы қорытындылады.