"1 мамыр - Бірлік күні" тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Ш.Смаханұлы атындағы # 44 орта мектебінің 3 - В сыныбында 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесіне орай "1 мамыр - Бірлік күні" тақырыбында сынып сағаты өткізілді.Сынып сағатында оқушылар " Қазақстан көпұлтты мемлекет" такырыбы аясында өздерінің ой пікірлерін және жаттаған өлең шумақтарын айтты.Сонымен қатар, мерекеге орай салған суреттерінен постер қорғады.Қазақ,орыс,испан билерін билеп, сахналық көрініс көрсетті." Ақ көгершін" әнін хормен орындады.