23
май
2019
"СПОРТТЫҚ ТӘРБИЕ - ҰЛТТЫҚ ДАМУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІ" тақырыбында денешынықтыру пәнінің онкүндігі өтті.
Шона Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінде 6-16 мамыр аралығында "СПОРТТЫҚ ТӘРБИЕ - ҰЛТТЫҚ ДАМУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІ" тақырыбында денешынықтыру пәнінің онкүндігі өтті. Онкүндікті мектебіміздің денешынықтыру пән мұғалімдері мен бастауыш сынып мұғалімдері ұйымдастырып, оқушылардың белсенді катысуына ықпал етті. Өткізілген онкүндік жоғарғы деңгейде өтті. Онкүндіктің жабылуында директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Райқұлов Мәулен Райқұлұлы сөз алып , жеңімпаз оқушыларды марапаттап, алдағы уақыттарда да спорттық шараларда белсенді болуға шақырып, барлығына сәттілік тіледі.