01
сентябрь
2025
«МЕКТЕП –МЕЙІРІМ МЕКЕНІ!» БІЛІМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА
«МЕКТЕП –МЕЙІРІМ МЕКЕНІ!» БІЛІМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА
Тараз қаласы Шона Саханұлы атындағы №44 орта мектебінде 1 қыркүйек- «Білім күні» мерекесіне арналған «МЕКТЕБІМ- МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» атты салтанатты жиын болып өтті.
Салтанатты жиын мектепте жаңа оқу жылының ашылуына арналған әрі білім берудің адам өміріндегі маңызы мен рөлін айқындайтын іс шара.
Мектеп директоры Иманбекова Сандуғаш Мұханқызы мектеп шәкірттері мен ұстаздарға мерейі үстем жыл болуына, мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндер мен 1-сынып оқушыларына биылғы оқу жылында білімнің асқақ шыңына көтеріліп, мол табыстар мен ізденістерге жете берулеріне тілектестігін білдірді.