#ПЕДАГОГКҮНДЕЛІГІНЕН » СШ №44
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№44 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 52-20-82
Есепші бөлімі:
+7(726) 52-19-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » #ПЕДАГОГКҮНДЕЛІГІНЕН
25
апрель
2020

#ПЕДАГОГКҮНДЕЛІГІНЕН

#ПЕДАГОГКҮНДЕЛІГІНЕН
Ұстаз болу - жүректің батылдығы...Иə, ұстаз болу оңай емес, себебі ол мамандықтың ішіндегі ең қиыны да жəне күрделісі де... Ұстаз - шəкірттің бағбаны. Мен бірінші бухгалтерлік мамандықта колледжді үздік бітіріп, жоғары оқу орнын таңдауда қатты толғандым, ойлана келе, жүрек қалауымен осы мұғалім мамандығын таңдап, математика мамандығына оқуға түстім. Ол оқу орнын бітіре келе, еңбек жолымды ауылда бастадым. Бар ақыл-ойым-үздік ұстаз атану болды. Өйткені Ұстаз бұл- ұлы тұлға . Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: "Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады",- дейді. Мұғалімге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу. Оның адамшылық ар-ожданын, намысын, тұлғасын жасына қарамай сыйлау, құрмет тұту. Бұл мұғалімнің терең дүниетанымы мен үлкен жүрегінен келіп шығады.
Мектептегі ұстаз – баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. Осы тұста Абайдың: "Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға",- деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе ?! Қазіргі білім беру саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты проблема – төтенше жағдайға байланысты оқушыларға қашықтықтан оқыту арқылы талапқа сай білім беру. Осы тұрғыда біз мынадай платформаларды тиімді пайдаланудамыз : "WhatsApp", "Bilimland", "DarynOnline", "Kundelik.kz" және т.б.
Мұғалімнің негізгі басты мақсаты - рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру. Жақсы мұғалім — бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуметі мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық бөлігінін бірі деп есептеледі. Жүсіпбек Аймауытовтың мына сөздерін еске алған жөн: "Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашылған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің көздейтін түпкі мақсаты.
Қазіргі жүріп жатқан індетке байланысты, онлайн сабақтарды жүргізудің тиімділігі, ұстаздардың үлесі жұртымыздың, бiлім алушыларымыздың амандығын тілеу арқылы сапалы білім беруге ұмтылуы. Еліміз аман болсын!
Ильяс Арайлым - Тараз қаласы Шона Смаханұлы атындағы #44 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі.
#қашықтықтаноқыту
#Педагогкүнделігінен
#бізбіргеміз

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив