#ПЕДАГОГКҮНДЕЛІГІНЕН » СШ №44
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№44 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 52-20-82
Есепші бөлімі:
+7(726) 52-19-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » #ПЕДАГОГКҮНДЕЛІГІНЕН
24
апрель
2020

#ПЕДАГОГКҮНДЕЛІГІНЕН

#ПЕДАГОГКҮНДЕЛІГІНЕН
Ұстаз туралы, оның қоғамдағы орны туралы сөз қозғамаған, қалам тартпаған ақын, жазушы, қоғам қайраткерлері кем де кем шығар.
Солардың ішінен, әр нәрсенің бастауы болатыны сияқты, 17 ғасырда өмір сүрген, дидактиканың атасы Ян Амос Коменскийдің «Күн астында мұғалімнен биік тұрған мамандық иесі жоқ» деп айтқан сөзін ұстаздар турасында айтылған барлық басқа сөздердің бастауы, негізі дер едім.
Ғұламаның осы сөздері содан бері қанша ғасыр өтсе де өз маңыздылығын жойған жоқ, қайта жылдар өткен сайын жаңарып келе жатыр деп ойлаймын.
Соның бір дәлелі ретінде қазіргі кезеңде, ел басына күн туған шақта да ұстаздарымыз қиындыққа қарсы тұрып, шәкірттерді қашықтықтан оқытудамыз. Әрине, алғашқыда жүрексінгеніміз рас. Өйткені, қашықтықтан оқыту туралы естігеніміз болмаса, тәжірибе жүзінде бірінші рет бетпе-бет келдік. Осы орайда Тараз қаласындағы Шона Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінің білікті басшысы Баймұрат Жақсыбекұлы Жақсыбеков бастаған мектеп әкімшілігі мұғалімдерге қашықтықтан оқыту туралы нақты ақпараттар мен әдістемелік, рухани көмек беріп, ұжымға қолдау көрсете отырып, бірлесе қызмет етудеміз. Мені алғашында мына ой мазалады: әр пәннің өз сипаты, ерекшелігі болады, пәндік білімді қай платформамен болса да берерміз,(WhatsApp, күнделік kz, т.б.) ал, балаларды көзбе-көз көрмегеннен кейін, білім беруде қатар жүретін ықылас, пейіл, сүйіспеншілік, эмоцияны қалай жеткізем. Бастауыш сынып оқушыларына білімді жеткізуде барыңды беріп, жаныңды салмасаң, нәтиже болмайтыны бар ұстазға аян. Өнер адамдары үшін киелі –сахна болса, ұстаз үшін киелі-сабақ дер едім. Ұстаз үшін әр сабақ-бір қойылым, басты рөлде –өзі, шәкірттері-әртістер, мұғалім-шәкірттер, шәкірттер мен шәкірттер боп, қойылымды жоғары дәрежеде қойғанда ғана сабақ нәтижелі болмақ. Толғандырған екінші мәселе-әр баланың жанында ата-анасы отырады, яғни мұғалім ата-ана алдында білімі мен біліктілігін,құзыреттілігін жоғары дәрежеде көрсете біліп, педагогтік этика мен мәдениетті қатаң сақтауы тиіс.
Ойлана келе, әр нәрсенің шешімі болатыны сияқты, мен шешімді аталарымыздан қалған асыл сөздерден таптым. Атамыз қазақ: «тәрбиенің мықты құралы-тіл» демекші, мұғалімнің білімді жеткізудегі құралы-тілі екендігін түсіндім. Тіл арқылы сөз шығады, ал сөз-ойдың жемісі. Әр сөзімді көркемдеп, әсемдеп, жүйелі түрде, түсінікті, нақты жеткізе білуім керек. Әрине, бұған қоса қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерін пайдаланудамын.
« Көз қорқақ, қол батыр» дегендей, міне екінші аптаны да артқа тастадық. Қазіргі кезде оқытудың жаңа түріне де үйреніп қалғандаймыз. Оқушыларымыз да қызыға қатысып отырады. Теледидардан «Балапан», «Қазақстан» арналарынан білімдерін толықтыруда. Онымен қоса, Bilimlend, Darin.onlyne, Opiq сайттары арқылы да білімдерін шыңдауда. Әр ата-ана баласының қасында отырып, білім деңгейін, қабілетін байқап, сабағын қадағалап отыр. Ұстаздық қызметтің ауыр екендігін сезінгендерін айтып, алғыстарын білдіруде. Оқушылар әр сабақ алдында алтын-ұя мектебін, аяулы ұстаздарын, сырлас дос, сыныптастарын сағынғандарын айтып, ыстық ықыластарын білдіруде.
Сөзімді қорыта келе айтарым, балаларымыз-елдің ертеңгі тізгін ұстар азаматтары деп білсек, оларды осынау нәубеттен аман алып қалу-басты міндетіміз деп білемін. Осы жолда бәріміз бірлесе отырып, қоғамның белсенді қайраткерлері ретінде қиыны мен қызығы мол қызметімізді адалдықпен атқарайық демекпін.
Үйден шықпайық, елді аман сақтайық!
Джакаева Гулбакира Сайлаукызы
Шона Смаханұлы атындағы
№44 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі.
#Педагогкүнделігі
#бізбіргеміз
#қашықтықтаноқыту

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Pin_ogKt
13 декабря 2023 07:11
Пин ап
пин ап онлайн http://www.pinupcasinojdhenecko.vn.ua/.