

2022 жылдың 16 сәуір күні Ш.Смаханұлы атындағы #44 орта мектебінде 10 сынып білім алушыларының арасында "Алтын түлек" мектепішілік математикалық олимпиадасы өтті. 2022 жылдың 16 сәуір күні Ш.Смаханұлы атындағы #44 орта мектебінде 10 сынып білім алушыларының арасында "Алтын түлек" мектепішілік математикалық олимпиадасы өтті. Олимпиаданың мақсаты - білім алушылардың арасынан математика пәні бойынша ерекше қабілеті бар балаларды анықтау, ғылымға баулу, күрделі есептерді шешуге дағдыландыру. Олимпиада тапсырмалары 2 бөлімнен, әр бөлім 10 есептен құралған. Жалпы ұпай саны 100 балл. Олимпиада қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған 10 "Б" сынып білім алушысы Орынбай Әнел ( 90 балл) және 10 "А" сынып білім алушысы Сайлау Медина ( 90 балл) қалалық кезеңге жіберілді.