17
октябрь
2025
"Lesson study" мұғалімдердің бірлесіп сабақты зерттеуі
Lesson Study – мұғалімдердің кәсіби тәжірибесін жетілдіруге бағытталған бірлескен жұмыс формасы. Бұл үдеріс Шона Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінде жүйелі түрде жалғасын табуда.
2025 жылдың 17 қазан күні ағылшын тілі айлығы аясында «Ағылшын тілі сабағында сөйлеу дағдысын қалай жақсартуға болады?» тақырыбында зерттеу сабағы өткізілді.Пән мұғалімі: Абжанбаева Р.
Топ модераторы: Калимбетова Б.
Бақылаушылар: Шарипбаева М,Иманқулова И,Сырғалиева С.
Сабақ барысында оқушылардың сөйлеу қабілетін дамытуға бағытталған түрлі ойын элементтері, жұптық және топтық жұмыстар, сонымен қатар заманауи цифрлық платформалар мен интербелсенді әдістер тиімді қолданылды. Бұл тәсілдер оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, еркін сөйлеуге ынталандырды.
