16
июнь
2026
Мектебімізде аттестат тапсыру рәсімі өтті
Мектебімізде 2025–2026 оқу жылының түлектеріне арналған салтанатты аттестат тапсыру рәсімі өтті. Бұл – мектеп қабырғасында білім алып, үлкен өмірге қадам басқан жас түлектер үшін ерекше де толғанысты сәт болды.
Салтанатты шара барысында түлектерге аттестаттар табысталып, ұстаздар мен ата-аналар жүрекжарды тілектерін жеткізді. Биылғы оқу жылында мектебіміздің жетістіктері де аз болған жоқ. Атап айтқанда, екі оқушымыз: Құдайберген Толғанай мен Орынбай Әлия «Алтын белгі» иегері атанып, өздерінің үздік білімдері мен табандылықтарының нәтижесін көрсетті.
Шара барысында мектеп директоры Иманбекова Сандуғаш Мұқанқызы түлектерге ақ жол тілеп, олардың алдағы өмірлерінде үлкен жетістіктерге жететініне сенім білдірді.
Құрметті түлектер! Сіздерге жарқын болашақ, толағай табыс, асқақ армандар мен биік белестер тілейміз. Ел болашағына қызмет ететін білімді де саналы азамат болып өсулеріңізге тілектеспіз!
Ақ жол, жас түлектер! Жолдарыңыз ашық, болашақтарыңыз баянды болсын!