№44 орта мектебінің жанындағы «Еркетай» шағын орталығының ата- аналар жиналысы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің Ш.Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінің жанындағы «Еркетай» шағын орталығының ата- аналар жиналысы
17 ақпан 2021 жыл Тараз қаласы
Күн тәртібінде:
- Мектеп жанындағы «Еркетай» шағын орталығын жабу туралы 2021 жылғы 16 ақпанда кезектен тыс өткен №6 педагогикалық кеңестің шешімімен ата- аналарды таныстыру.
Жақсыбеков Б.
Қатысушылар: Мектеп директоры
Шағын орталық тәрбиеленушілерінің ата-аналары
Шағын орталық қызметкерлері
Құрметті бүгінгі жиналысқа қатысушы ата-аналар!
Құрметті әріптестер !
Бүгін мектеп жанындағы «Еркетай» шағын орталығының ата- аналар жиналысы шақырылып отыр. Кеше, 2021 жылдың 16 ақпаны күні мектептің кезектен педагогикалық кеңесі өтті. Бүгін мен сіздерді мектептің кезектен тыс өткен педагогикалық кеңестің шешімімен таныстырғалы отырмын.
Кезектен тыс өткен педагогикалық кеңесте мектеп жанындағы «Еркетай» шағын орталығын жабу туралы мәселе қаралды. Бұл мәселе 2017 жылдан бері қалалық әкімдіктің , білім бөлімінің алдына қойылып келген. Бұл мәселе туралы сіздерде хабардарсыздар. 2020 жылы шағын орталықты жабу туралы мәселе пандемияға байланысты кейінге қалдырылған. Шағын орталықты жабу мәселесі қалыптасып отырған жағдайға байланысты болып отыр. Оның бірнеше себебі бар.
- Мектепте оқушының санының артуына байланысты , сыныптар санының өсуі.
Мыс: 2019-2020 оқу жылында 1119 оқушы , 49 сыныпта білім алған
2020-2021 оқу жылында 1132 оқушы , 48 сыныпта білім алады.
- Мектепте жаңартылған білім беруге байланысты бөлініп оқытылатын пәндер санының өсуі. Орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, дене шынықтыру , технология, өзін өзі тану, информатика пәндері бөлініп оқытылады. Осыған байланысты оқу кабинеттері жетіспейді.
2019-2020 оқу жылында 38 сынып бөлініп оқытылды.
2020-2021 оқу жылында 39 сынып бөлініп оқытылуда.
- Оқу кабинеттерінің жетіспеушілігіне байланысты орыс тілі ,ағылшын тілдері қолдан жабдықталған үшінші қабаттағы әжетханада оқиды. Бастауыш сыныптарда кабинет жетіспеушілігіне байланысты орта және негізгі буын сыныптарының кабинеттерінде оқытылуда. Пәндік қосымша сабақтар , сабақтан тыс үйірме жұмыстарын өткізу, жүргізу мүмкін емес, себебі бос кабинеттер жоқ.
Мектеп жанындағы «Еркетай» шағын орталығы 2009 жылы республикалық «Балапан» бағдарламасы аясында ашылған. Ол кезде бала бақша тапшылығына сәйкес шағын орталықта балалар толық, кей кезде балалар артығымен тізімде болатын. 2018 жылдан бастап жаңадан балалар бақшасының ашылуына және мемлекеттік жеке мекемелердің ашылуына байланысты шағын орталықта балалар саны төмен. Жалпы шағын орталық сыйымдылығы 50 балаға арналған (кезінде 70-80 балаға дейін қабылданған). Бүгінгі күні шағын орталықта тізім бойынша 2 топта 34 бала бар. Оның 7 –уі күнделікті шағын орталыққа келіп жүр. 27 бала үйінде. Алдағы уақытта тізім бойынша балалардың 2-уі 1 сыныпқа , 18-і мектеп алды даярлық сыныбына барады деп жоспарлануда , 14 бала топтарда қалады. Егер шағын орталық жабылатын болса, қалатын 14 баланы қалалық білім бөлімі қаладағы бала бақшаларға орналастырады. Шағын орталықта бүгінгі күні 13 адам жұмыс істейді. Оның 1- әдіскер-психолог, 4 тәрбиеші, 2 тәрбиеші көмекшісі, оператор, аспаз, медбике, нұсқаушы, мұғалім болып жұмыс істейді. Егерде шағын орталық жабылатын болса ; нұсқаушы, мұғалім, медбике, аспаз жұмыспен қамтылған. Қалған әдіскер- психолог- 1, 4 тәрбиеші , 2- тәрбиешінің көмекшісі , 1 – операторға барлығы – 8 адам: қалалық білім бөлімінің және мектеп тарапынан жұмыс ұсынылатын болады. Егерде ұсынысқа келіспейтін болса әр қызметкерге 2 айлық жәрдем ақы берілетін болады.
Құрметті бүгінгі жиналысқа қатысушы ата-аналар!
Құрметті әріптестер !
Айтылған мәселе бүгінгі күні қордаланып келіп отыр. Бұл мәселе шешілмесе мектептің толық жұмыс жасауына мүмкін болмайды. Қазіргі кезде мектеп жан басына шаққанда қаржыландыруға көшті. Мектеп бюджеті оқушылар санына байланысты. Бәсекеге қабілетті, мықты мектеп болу үшін оқушыларға жағдай жасауымыз керек. Ата-ана мен оқушы таңдауы шешеді. Сондықтан біз талапқа сай көзқарасымызды өзгертуіміз керек, өзімізді жан жақты дамытуымыз керек. Оның үстіне биыл мектеп ғимараты күрделі жөндеуден өткізіледі деп күтудеміз.
Кеше кезектен тыс өткен педагогикалық кеңесте мектеп мұғалімдері мектеп жанындағы шағын орталық мәселесі туралы Googl жүйесі арқылы дауыс берді , дауыс беру қорытындысы 72 пайыз жабылсын десе , 28 пайызы қарсы болды. Көпшілік дауыс шағын орталықты жабуға келісіп отыр. Осыған сәйкес педагогикалық кеңес мектеп жанындағы шағын орталық жабылсын деп шешті. Сондықтан құрметті ата – аналар бүгін Сіздерді осы шешіммен таныстырып отырмыз. Сіздерге айтарым шағын орталықтағы 20 бала 1- ші қыркүйекте мектепке қабылданады, ал қалған 14 бала Тараз қаласындағы бала бақшаларға жаз мезгілінде ата-аналар келісімімен орналастырылады. Құрметті ата-аналар көпшіліктеріңіздің балаларыңыз олсы мектепте білім алып жатыр. Мектептің болашағы сіздерді бей жай қалдырмайды деген ойдамын.
Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Мектеп директоры Жақсыбеков Баймұраттың
2021 жылғы 17 ақпан күні мектеп жанындағы
«Еркетай» шағын орталығының ата- аналар
жиналысында сөйлеген сөзі.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің Ш.Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінің жанындағы «Еркетай» шағын орталығының ата-аналар жиналысының шешімі
17 ақпан 2021 жыл Тараз қаласы
№
Күн тәртібінде:
- Мектеп жанындағы «Еркетай» шағын орталығын жабу туралы 2021 жылғы 16 ақпанда кезектен тыс өткен №6 педагогикалық кеңестің шешімімен ата- аналарды таныстыру.
Жақсыбеков Б.
Қатысушылар: Мектеп директоры
Шағын орталық тәрбиеленушілерінің ата-аналары
Шағын орталық қызметкерлері
Күн тәртібіндегі мәселеге сәйкес Ш.Смаханұлы атындағы №44 орта жанындағы шағын орталықтың ата-аналар жиналысы шешім етті:
- Мектеп жанындағы «Еркетай» шағын орталығын жабу туралы мектептің кезектен тыс 2021 жылғы 16 ақпандағы өткен педагогикалық кеңестің шешімімен таныстыру туралы мектеп директоры Б.Жақсыбековтың хабарламасы назарға алынсын.
- Мектеп жанындағы «Еркетай» шағын орталығын жабу туралы шешіммен шағын орталық ата- атаналары таныстырылып , жазбаша хабарлама берілсін.
Мектеп директоры Б.Жақсыбеков
Хатшы А.Бердібекова
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің Ш.Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінің жанындағы «Еркетай» шағын орталығының 2021 жылғы 17 ақпандағы өткен ата-аналар жиналысына қатысқандар тізімі
- Азизова Сабина – ата-ана
- Арысбай Әсем – ата-ана
- Рахымбердиев Мақсат – ата-ана
- Жанысбекқызы Жанар – ата-ана
- Ақпанбетова Гүлнұр – ата-ана
- Шадирқұлова Айман – ата-ана
- Жаңабай Нұрасыл - – ата-ана
- Ертайұлы Н. – ата-ана
- Түйтебай М. – ата-ана
- Жазира Абилтаевна – ата-ана
- Жақсыбеков Б. – мектеп директоры
- Тынаева К.Ж. – шағын орталық әдіскері
- Рахманкулова Г. – тәрбиеші
- Бердібекова А. – тәрбиеші
- Бәкір А. – тәрбиеші
- Бахтибаева Ж. - тәрбиеші
- Сәтішбекова Л. - медбике