29
июль
2022
🔰2022-2023 оқу жылындағы мектеп формасы
2022-2023 оқу жылындағы мектеп формасы
1. Мектеп формасының түсі –қою көк (2022-2023 оқу жылына 1-сыныпқа).
2. Мектеп формасының үлгісі классикалық стильде болады.
3. Ұлдарға арналған мектеп формасы:
Пиджак, жилет, шалбар, ақ салтанатты жейде, күнделікті ақ жейде, (қысқы уақытта: трикотаж жилет, ақ водолазка). Ұлдарға арналған шалбар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
4. Қыздарға арналған мектеп формасы:
Пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
5. Мектеп формасына орта білім беру ұйымының ерекшелік белгілерін (белгілер, тігіспелер, шеврон және т.б.) орналастыруға рұқсат етіледі.
6. Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды.
7. Мектеп формасына қойылатын талаптар бойынша жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксессуарларды киюге болмайды. (Ескерту.2-7 талаптар Қазақстан Республикасы Білім мен ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілген)
