АЛАЯҚТАРДЫҢ ҚАТАРЫ АРТЫП КЕЛЕДІ
Қас пен көздің арасында айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған бүгінгідей цифрлық ғасырда жеңіл жолмен пайда табудың желігіне желпініп, талай жанды жер сипатып кететіндердің де дәурені жүріп тұр. Туған бауырыңыздай сеніміңізге кіріп, материалдық жағынан бөлек, моральдық тұрғыдан да барыңызды барымталап кететіндер көбейді. Бұл әмияныңызды көшеде күштеп тартып алып кетуден де қауіпті. Өйткені киберқылмыс орын алғанда сіз өзіңіздің барыңызды құқықбұзушыға өз қолыңызбен сеніп тапсырасыз.