22
февраль
2024
"Зерде"
Ағымдағы жылдың 22 ақпан күні "Зерде" республикалық 5-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жоба жұмыстарының конкурсы қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бойынша жарыс өткізілді.

Конкурстың мақсаты - балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.
Конкурс қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, тарих, өлкетатану, этномәдениеттану, медицина, психология, экология, технология және өнер секциялары бойынша өтті.
Конкурс қорытындысы бойынша қатысушылар марапатталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер I, II, III дипломдармен және "Жас зерттеуші" номинациясымен марапатталды.
Айта кететін жайт, конкурстың мектепішілік кезеңіне 46 оқушы қатысып, қалалық-іріктеу кезеңіне 7 оқушы бірінші орын алып жолдама алды.
