№44 орта мектепте 5,6,7 сынып оқушылары арасында мектепішілік ғылыми жоба байқауы өтті.
Бүгін 30 сәуір күні Ш.Смаханұлы атындағы №44 орта мектепте 5,6,7 сынып оқушылары арасында мектепішілік ғылыми жоба байқауы өтті. Байқаудың мақсаты оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру; ең талантты және дарынды жас зерттеушiлердi iрiктеу және оларға қолдау көрсету болды.