14
октябрь
2020
Керімбаева Жазира Берікқызы Педагог-зерттеуші 2 "А" сыныбымен қазақ тілі пәнінен "Дауыссыз қ мен ғ" тақырыбында ашық сабақ өтті.
Керімбаева Жазира Берікқызы Педагог-зерттеуші 2 "А" сыныбымен қазақ тілі пәнінен "Дауыссыз қ мен ғ" тақырыбында ашық сабақ өтті. Ол сабақ барысында "Серпілген сауал" әдісімен үй тапсырмасын бекітті. Жаңа сабақта "Оқиға желісі" әдісімен бастады. Бейнероликтен жаңа сабаққа байланысты видео көрсетті. "Көпірше" әдісі арқылы мәтінді тізбектей оқытып, "Бағдаршам" әдісі бойынша оқушылар бірін-бірі бағалады. Сабақ барысында оқушылар шығармашылық жұмыстар орындады. Сабақ соңында оқушылар "Пирамида" әдісі арқылы кері байланыс жасап, оқушылар сабаққа белсене қатысты. Сабақ өте жоғары деңгейде өтті.