15
февраль
2022
«ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЛАТЫН ГРАФИКАСЫ НЕГІЗІНДЕГІ ЖЕТІЛДІРІЛГЕН ЖАҢА ӘЛІПБИІ»
«ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЛАТЫН ГРАФИКАСЫ НЕГІЗІНДЕГІ
ЖЕТІЛДІРІЛГЕН ЖАҢА ӘЛІПБИІ»
Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшу жөніндегі ұлттық комиссия мақұлдаған жаңа қазақ әліпбиінің жетілдірілген жобасымен таныстыру мақсатында Шона Смаханұлы атындағы №44 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Байлиева Жанат Қаппарқызы «Қазақ тілінің латын графикасы негізіндегі жетілдірілген жаңа әліпбиі» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Іс-шараның мақсаты жаңадан енгізіліп жатқан латын қарпін талқылап, мемлекетімізге оның қандай пайдалы тұстары бар екендігін түсіндіру болатын. Іс-шара барысында латын әліпбиіне көшудің ең басты қажеттілігі, қазақ тіліндегі сөздердің айтылуындағы өзгерістер, ұтатын және ұтылатын тұстары мектеп ұстаздарымен талқыланды. Жамбыл облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығының аға әдіскері Маханова Перизат Атабекқызы жаңартылған латын әліпбиін жан-жақты түсіндіріп, диакритикалық таңбалардың жазылуына ерекше тоқталып өтті.