15
апрель
2022
"АСҚАР ТОҚПАНОВ АТЫНДАҒЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ӨНЕР, МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІМЕН МЕКТЕБІМІЗДІҢ 9-СЫНЫП БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНЫҢ КЕЗДЕСУІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
"АСҚАР ТОҚПАНОВ АТЫНДАҒЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ӨНЕР, МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІМЕН МЕКТЕБІМІЗДІҢ 9-СЫНЫП БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНЫҢ КЕЗДЕСУІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
Бүгін 15.04.2022ж Шона Смаханұлы атындағы #44 орта мектебінің 9-сынып жетекшілері Сүгіров Күмісбек Серікбайұлы, Байлиева Жанат Қаппарқызы, Бағланұлы Рауан, Ауесбеков Мақсат Расилбекұлы,Мамешева Айгүл Өмірзаққызының және директордың бейінді бағдар беру ісі жөніндегі орынбасары Ерғали Айман Ерғалиқызының ұйымдастыруымен 9-сынып білім алушыларының қатысуымен "Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында" мамандық туралы өнер қайраткерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Атап айтар болсақ:
1.Асқарбек Сейілхан-ҚР еңбек сіңірген әртісі.
2.Жүніс Әлімбеков-ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. 3.Жадыра Құлтаева-жоғары дәрежелі әртіс.
4.Жорабек Төлеген-"Әулиеата үміті-2021" үздік актёр номинациясының иегері.
Кездесу барсында қонақтар оқушыларымызға театр саласының қыр-сырларын айтып, әртістік салаға қызығушылық танытқан оқушыларға бағыт бағдар беріп, жөн сілтеді. Кездесу жоғарыдеңгейде ұйымдастырылып, әртістерге гүл шоқтары ұсынылды. Кездесу соңында білім алушыларымыз Ғ. Мүсіреповтың "Қозы Көрпеш-Баян Сұлу" қойылымын тамашалап, бүгінгі күннен өте керемет әсер алып қайтты.