22
декабрь
2023
«Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!» атты түлекпен кездесу өткізілді
Ш.Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінде 2023 жылдың 22 желтоқсан күні «Жомарт түлек» жобасы аясында танымал түлектермен кездесу ұйымдастырылды. Қаламыздың бас ұстазы, Тараз қаласы білім бөлімінің басшысы, мектебіміздің 1989 жылғы түлегі Қожамжарова Раушан Пернешқызымен «Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!» атты түлекпен кездесу өткізілді
Кездесуде мектебіміздің республикалық, облыстық, қалалық зерттеулері мен пән олимпиадаларынан орын алған білім алушыларымыздың жетістіктері және Жаратылыстану, ИФМ , гуманитарлық пәндері бойынша көрме ұйымдастырылып , білім алушыларымыз өздері таныстырып өтті.
5-7 сыныптарының орындауында «Ұстазым» хорымен басталып , мектебіміздің директоры Сандуғаш Мұқанқызы кешіміздің шымылдығын ашты.
Кездесуде 4 а сынып білім алушылары «Бақытты балалық шақ» әнін орындады.
Білім алушылар мен ұстаздар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды. Мектебіміздің тарихымен бүгінгі бас қосуымызға себепкер болып отырған, кешіміздің қонағы келген ұлағатты ұстаз жолына арналған бейнеролик көрсетілді. Қонағымызға сізге сый ретінде оқушы кезіңізден бір ыстық естелік ретінде . 10-11 сынып білім алушылары дайындаған көріністі тамашалады. Ұстаздық – ұлы жол. Бұл жолда өз орнын тауып, дара жолын салып, көпшіліктің алғыс-тілегіне бөленіп жүрген нағыз ұстаздардың бірі біздің мектеп түлегі екенін әрқашан да мақтанышпен айтып жүреміз. Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де жауапты деп ұстаз есімін нық сеніммен айта аламыз. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы мектеп десек, мектептің жүрегі – мұғалім. Көкейінде сайрап тұрған отты сөздерін болашақ жас ұрпаққа жылы лебізін білдірді .
Ендеше, ұстаздар жасай берсін, мектептің жүрегі әрдайым үздіксіз, осындай алапат сезіммен, болашаққа деген нық сеніммен соға берсін деп мектебіміздің түлегі Раушан Пернешқызына алғысымызды білдіреміз.