ҚҰРМЕТТІ АТА АНАЛАР МЕН ҰСТАЗДАР!! » СШ №44
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№44 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 52-20-82
Есепші бөлімі:
+7(726) 52-19-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚҰРМЕТТІ АТА АНАЛАР МЕН ҰСТАЗДАР!!
10
апрель
2026

ҚҰРМЕТТІ АТА АНАЛАР МЕН ҰСТАЗДАР!!

ҚҰРМЕТТІ АТА АНАЛАР МЕН ҰСТАЗДАР!!
Әр ата - ана үшін баласы қандай қымбат болса, әр мектеп үшін барлық оқушының білімі мен тәрбиесі , амандығы өте қымбат. Тәрбие талбесіктен басталады . Осы ретте оқу жылының аяғына жақын сәтте Сіздерге өз Үндеуімді жолдап отырмын. 
Қадірлі ата - ана, ұстаздар! 
  Оқу жылы аяқталуға жақындаған сайын білім мекемелерінде білім мен тәрбие беруден бөлек, басқа жағымсыз  қарбаластар басталып кеткен сияқты. Мектеп бітіру кештері – әр отбасы үшін маңызды әрі есте қаларлық оқиға. Алайда соңғы жылдары мұндай кештерді тым сән-салтанатпен, ысырапшылдықпен өткізу үрдісі күшейіп келеді. Сонымен қатар осындай іс шаралар барысында болған жасөспірімдердің қайғылы оқиғаларында естен шығармаған жөн. Бұл құбылыстың бала тәрбиесіне кері әсері бар екенін ескеру маңызды.
Екіншіден, ата-аналардың бір-бірімен бәсекеге түсуі әлеуметтік теңсіздікті айқын көрсетеді. Кейбір отбасыларды мұндай жағдайлар қиындық туғызып, ата ана мен бала арасындағы түсініспеушіліктер орын алып, балалар өздерін төмен сезінуі мүмкін. Бұл жасөспірімдердің психологиялық жағдайына кері әсер етеді. Мектептегі бұл іс шаралардың  басты мәні – мектеппен қоштасу, ұстаздарға алғыс айту, достармен естелік қалдыру екенін ұмытып кету қаупі бар. Негізгі рухани мазмұн сыртқы сән-салтанаттың көлеңкесінде қалып қояды.
Сондықтан ата-аналарға мектеп бітіру кешін ұйымдастыруда тепе-теңдік сақтаған жөн. Қарапайым, бірақ мазмұнды, тәрбиелік мәні бар кеш өткізу – балаға дұрыс құндылықтарды қалыптастырудың маңызды жолы.
 Сонымен қатар мектепте  (4,9,11) сыныпта қаражат жинап  мақсатсыз түрлі іс шара өткізу, мұғалімдерге немесе мектепке сыйлық сыйлау, емтихан кезінде қаражат жинау, мектептегі түрлі себептермен ақша жинау, мектеп бітіру кештерінде көліктер ұйымдастырып автошеру өткізу дәстүрге айналғандығын қоғам болып тоқтату қажет деп есептеймін. Мектепте ақша жинау заңсыз екенін біле тұра, бала қатарынан кем болмасын деп ата-ана сұраған ақшасын тауып беруге тырысады. Әр оқу жылында  алдын алу жұмыстары жүргізілгенмен, ата аналар тарапынан өздігінен ұйымдастырып жатады.  Осы іс-әрекеттің баршасына айтарым бала тәрбиесіне бей жай қарамайық. Барлық баланың құқығы бірдей. 
Қадірлі ата - ана, ұстаздар!
  ✅Әр бала – сіздердің үміттеріңіз, ел болашағы. Ол әлі мектеп қабырғасынан толық шыққан жоқ. Демек, олар әлі біздің шәкірттеріміз. Әр бала үшін ата-анасы қалай алаңдаса, біз ұстаздар оқушылар үшін солай алаңдаймыз. Бала деген 16-17 жастағы жасөспірімдік кезеңдегі жастар. Олар өмірдің оңы мен солын әлі жақсы білмейді. Ұстазды сыйлау керек, сыйлық алу керек, сыныптастармен қоштасу керек, ол үшін ұшқыр көлікпен зымырап жүру керек, қымбат мейрамханада отыру керек, бір-бірімізге қымбат сыйлық беруіміз керек деп ойлайды. Себебі олар – бала!
Ал  олар ойлаған нәрселердің қауіпсіздігіне кім кепіл бере алады? Әр мектеп бітірушіге кететін қаржылай шығынды кім төлейді? Біз түсінеміз, ата-ана баласынан ештеңесін аямайды. Бірақ, ата-аналардың әлеуметтік тұрмыстық жағдайы әртүрлі. Кей отбасында не әкесі, не анасы жоқ отбасылар да бар. 
Сондықтанда «Заң және тәртіп» қағидатын қоғамда ілгерілету шеңберінде, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама және білім саласындағы заңнама нормаларының сақталуын қамтамасыз ету маңызды.
🚘Ал, көлік жалдау, автошеру өткізу,  – өте қауіпті! Сіз ата-ана, бірінші балаңыздың амандығын ойлаңыз! 
Ондай көлік апатынан қайғылы жағдайлар әр жылы еліміз бойынша орын алып жатқаны белгілі. 
Сондықтан, жоғарыдағы іс-шараларға тыйым салынады. Мектеп директорлары, орынбасарлары, сынып жетекшілері, ата-аналар! 
Сіздер де осы мәселенің қауіпті жағын, әлеуметтік жағынан салмақ екенін барша мектеп бітірушілерге түсіндірулеріңізді сұранамын. 
📌Ата аналар мен ұстаздар үшін хабарласуға тел:54-93-92
Инстаграмм желісі: taraz_bilim
Тараз қалалық білім бөлімінің басшысы Айгерім Алтынбаева!
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив