Интернетке тәуелділіктің алдын алу мақсатында 5-11 сынып оқушыларымен және ата-аналармен ZOOM платформасы арқылы психопрофилактикалық жұмыс жүргізілді. » СШ №44
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№44 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 52-20-82
Есепші бөлімі:
+7(726) 52-19-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Интернетке тәуелділіктің алдын алу мақсатында 5-11 сынып оқушыларымен және ата-аналармен ZOOM платформасы арқылы психопрофилактикалық жұмыс жүргізілді.
05
ноябрь
2020

Интернетке тәуелділіктің алдын алу мақсатында 5-11 сынып оқушыларымен және ата-аналармен ZOOM платформасы арқылы психопрофилактикалық жұмыс жүргізілді.

    Интернетке тәуелділіктің алдын алу мақсатында 5-11 сынып оқушыларымен және ата-аналармен ZOOM платформасы арқылы психопрофилактикалық жұмыс жүргізілді.
 «Интернетті пайдалану орасан зор мүмкіндіктер береді, ал қорқуға себеп бар ма? Ал желіде болу сендерге не береді?  Желіде сендерге қауіп төнуі мүмкін бе?» деген сұрақтарға оқушылардың жауаптары алынды.
Интернетке тәуелділіктің себептері қандай? Әдетте, жасөспірімдік жас – денеде де, психикада да түрлі өзгерістер орын алатын кезең. Көңіл-күй күніне жүз рет өзгереді, қатарластарыңа ұялшақтықтан және өз-өзіне сенімсіздіктен қарама-қарсы жынысты адамдармен ғана емес, өзімен бірдей жынысты балалармен де тіл табысу қиын болып жатады. Көп нәрсе тым өткір қабылданады, қит етсе, бірден ренжіп қалады, көз жасына ерік береді. Сендерді ешкім түсінбейтін және ешкім жақсы көрмейтін сияқты болып көрінеді. Ал Интернетте сендер өздеріңе кез-келген бейне ойлап шығарып, көп дос тауып, өздеріңе керемет жігіт не қыз болып көрінесіңдер. Бұл – өздеріңді жоғары бағалаудың оңай жолы. Бірақ, өкінішке орай, «ойдан шығарылған бейне» әлдеқашан орын алған мәселелерді шешпейді, тек бәрін қиындатады. Интернетке тәуелді адам дамымайды, керісінше, деградацияға ұшырайды, тіпті өз-өзіне қызмет көрсетуге, өзін асырауға ақша табуға, отбасын құруға, т.б. қауқарсыз болып қалады.
Интернетке  тәуелдідік тууына не себепші бола алады?
•    Сыныптастармен қарым-қатынас жетіспеушілігі 
•    Ата-ана тарапынан жеткілікті көңіл бөлінбеуі 
•    Өз-өзіне, өз күшіне сенбеушілік, ұялшақтық 
•    «Барлығы сияқты» болуды қалау  
•    Ермек не хобби, компьютермен байланысы жоқ кез-келген басқа қызығушылықтардың жоқтығы
•    Стресске төмен төзімділік
•    Дау-жанжалдарды шеше алмау
•    Қиындықтардан қашып кетуді қалау
•    Қатарластармен және қарама-қарсы жынысты адамдармен қарым-қатынас құра алмау
•    Ұжымда нашар бейімделу
Оқушыларға интернет тәуелділіктің алдын алуда кеңестер берілді:
•    Вируталды кеңістікте өткізген уақытты қадағала; ол үшін монитор алдында өткізе алатын сағат санын нақты анықтап ал
•    Күн тәртібін сақта, жиі таза ауаға шық, спортпен немесе шығармашылықпен айналыс.
Өткізген : Мектеп психологтары: Сарсембетова Б.С және Жапар А.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив