17
октябрь
2025
"Абай даналығы жасанды интеллект көзімен
17.10.2025ж. күні Шона Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінде ағылшын тілі пән бірлестігі айлығы аясында "Абай даналығы жасанды интеллект көзімен" атты сыныптан тыс іс- шарасы өтті. Іс- шараға 3-9 сынып білім алушылары қатысты. Іс- шараның ашылуы 3 сынып білімалушыларының Абайдың "Әсемпаз болма әрнеге" атты өлеңін жаңа форматта хормен айтуымен басталды. Әдеби кешті жүргізушілер жүргізе отырып, Абай өмірі мен шығармашылығынан заманауи форматтағы анимациялық бейнеэпизод ағылшын тілінде көрсетілді. Кештің барысында жоғары сынып білімалушылары Абайдың өлеңдерін қазақша- ағылшынша нақышына келтіре мәнерлеп оқып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Сонымен бірге Абайдың қарасөздерін де 8 сынып білімалушылары екі тілде өз дәрежесінде оқып, көрермендер көзайымы болды. D-ID платформасы арқылы жасанды интеллект жасалып Абаймен сұхбат болды. Сұхбат барысында білімалушылар виртуалды очки кию арқылы көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, жауап алып ерекше сезімге бөленді. Кеш ортасында көрермендермен "Абай кім?" атты жаңа форматтағы викториналық ойын ойнатылды. Кеште жоғары сынып білімалушылары "Абай мен Тоғжанға" сахналық көрініс қойып, ғашықтық сезімдерін лирикалық өлеңмен жеткізді. Кеш соңында Абайдың "көзімнің қарасы" әні орындалды. Әдеби кеш жаңа форматта жоғары деңгейде өз дәрежесінде өтті. 