31
октябрь
2025
«Жасанды интеллект оқыту мен оқуда» атты әдістемелік семинар өткізілді.
31.10.2025 күні мектебімізде мұғалімдерге арналған «Жасанды интеллект оқыту мен оқуда» атты әдістемелік семинар өткізілді. Семинар аясында «Жасанды интеллект әлеміне саяхат» ұйымдастырылып, ЖИ ұғымы қарапайым тілмен түсіндіріліп, даму тарихы және қолдану салалары туралы презентация таныстырылды. Семинардың мақсаты – мұғалімдердің жасанды интеллект туралы түсінігін кеңейту, жасанды интеллект құралдарын сабақта қолдану жолдарын тәжірибе жүзінде көрсету болды. Семинар барысында мұғалімдер жасанды интелект құралдары: «Diffit.me», «ChatGPT», «Gamma.арр» арқылы топтарға бөлініп, «Білім», «Қолдану», «Болашақ» станцияларына саяхат жасап, жасанды интелект құралдары арқылы кез-келген тақырыпқа мәлімет, тест сұрақтарын дайындап, қысқа мерзімді жоспар құрастырды, пән бойынша тақырыпқа сай презентация ұсынып, топтық жобалар мен постер қорғады, практикалық тапсырмалар орындады.
Семинарға мектептің пән мұғалімдері белсене қатысып, білім берудегі ЖИ мүмкіндіктері мен оларды тиімді қолдану жолдары бойынша тәжірибе алмасты.


