08
апрель
2026
«Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: Жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар» тақырыбында бірыңғай республикалық сынып сағаты өткізілді.
«АДАЛ АЗАМАТ» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 11-сынып оқушыларымен «Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: Жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар» тақырыбында бірыңғай республикалық сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағаты барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясының негізгі мазмұны кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, білімнің қоғамдағы рөлі мен оның мемлекеттік саясаттағы маңызы жан-жақты талқыланды.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық ұстанымын қалыптастыру және ел болашағына жауапкершілікпен қарауға баулу болды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, белсенді пікір алмасып, тақырып аясында маңызды мәліметтер алды.