29
апрель
2026
Өздігінен жасалатын қозғалыстағы прогресс.Дене белсенділігін арттыруға арналған қимыл-қозғалыс ойындары
Бүгін 29.04.2026ж. Дене шынықтыру әдістемелік бірлестігі айлығы аясында, дене тәрбиесі пәні мұғалімі Туманбаев Аскар 2 “Б” сынып білім алушылармен “Өздігінен жасалатын қозғалыстағы прогресс. Дене белсенділігін арттыруға арналған қимыл-қозғалыс ойындары” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ басында оқушылар сапқа тұрғызылып, дене қыздыру жаттығуларын жасады. Ашық сабақ барысында “Эстафета” жарыс ойыны, сондай-ақ “Пойыз”, “Кім жылдам” қимыл-қозғалыс ойындары ойнатылып, нәтижелері талқыланып, кері байланыс берілді. Тәжірибе алмасуға қатысқан педагогтер ашық сабаққа оң бағасын берді