24
сентябрь
2020
"ӘЛ-ФАРАБИ ӘЛЕМІ" атты үш тілде қалалық полиглот ойыны
Бүгін 24.09.2020ж Тараз қаласы Ш.Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен ұлы ойшыл Әбу Наср Әл-Фарабидің 1150ж мерейтойы қарсаңында "ӘЛ-ФАРАБИ ӘЛЕМІ" атты үш тілде қалалық полиглот ойыны "Zoom" платформасында өткізілді. Конференцияға мектебіміздің 8 сынып оқушылары, Тараз қаласының мектептері, мектеп әкімшілігі, қалалық білім бөлімінің әдіскері Абумаликов Ерлан Қанатбайұлы және ойынның әділ қазылар алқасы қатысты.
Өткізілген жарыс 4 кезеңнен тұрды. Онда Әбу Наср Әл Фарабидің өмірі , шығармашылығы туралы таныстырылым, жасырын суреттер, Үздік аударма, Кім көп біледі атты ойын кезеңдері қамтылды.Ойынды мектеп директоры Жақсыбеков Баймұрат Жақсыбекұлы ашып беріп, ғұлама ойшыл Әл-Фраби туралы ой қозғады. Ойынға оқушылар өте белсене қатысып, қөрермендер қауымының оң бағасына ие болды. Ойында 4 топ болды. "ФИЛОСОФ" тобы, "Лингвист тобы" , "Ойшылдар" тобы, "Ғалым тобы" . Топ атауының барлығы ұлы ғұламаның өмірімен тығыз байланысты болды. Нәтижесінде әділ қазылар алқасы мектеп психологы Сарсембетова Ботагөз Серікбайқызының және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Шарипбаева Мақпал Лесқызының шешімімен "Ғалым" тобы жеңімпаз атанып, арнайы марапат қағазымен мадақталды. Сонымен қатар өзгеде топтар марапатталып, үздік ойыншыларда алғыс хаттарға ие болды. Осы ойынды ұйымдастыруға атсалысқан 8 сынып жетекшілері Бағланұлы Рауан, Мамешова Айгүл, Ауесбеков Мақсат, Байлиева Жанат және мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Құрынбаева Гүлнар Мұратбекқызына алғыс білдіреміз!!!