02
май
2023
Шона Смаханұлы атындағы #44 орта мектебінде Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің 31 жылдығы, Ұлы Жеңістің 78 жылдығына орай әскери-патриоттық байқау өткізілді.
Шона Смаханұлы атындағы #44 орта мектебінде Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің 31 жылдығы, Ұлы Жеңістің 78 жылдығына орай әскери-патриоттық байқау өткізілді. Байқауға Ауған соғысының ардагерлері Ермеков Дүйсенбай Сайлаубекұлы және Сембиев Нұрбақыт ағаларымыз қатысып, білім алушыларға жақсы лебіздерін білдірді. Әскери - патриоттық жиынды мектеп директоры С.М.Иманбекова ашып білім алушыларды, ұстаздарды құттықтап білім алушыларға тілегін білдірді.
Әскери спорттық сайыс ІІ бөлімнен тұрды.І бөлім саптық байқау, ІІ бөлімі дене тәрбиесі бөлімі спорттық іс-шаралар. 60 м қашықтыққа жүгіру, белтемірге тартылу, граната лақтыру, АК-ға қаруын бөлшектеу, кедергі жолағынан өту сияқты жарыс түрлері ұйымдастырылып, жеңімпаз командалар, білім алушылар жүлделі орындармен марапатталды.