Құттықтау!
Құрметті мектеп мұғалімдері мен қызметкерлері !
Құрметті ата- аналар және білім алушылар!
Міне, еліміз тағы бір жылды артқа тастап, келесі 2021 жылға аяқ басқалы отыр. Біз қашанда өткенге салауат айтып, жарқын болашақтан жақсы үміт күткен халықпыз.
Өткен жылға өкпеміз жоқ. Өткен жылы мектебімізде халқымыздың бас ақыны атанған Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы, Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы, Ұлы Отан соғысының 75 жылдығы, Қазақстан Республикасының ата заңынының қабылданғанына 25 жыл, Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың 95 жылдығы, Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығы сынды аса маңызды мерейтойлар тойланды.Сонымен қатар, шәкірттері білімді, дарынды, алтын ұя мектебіміздің жетістіктері жайлы мақтанышпен айтқым келеді. Білім ордамыз облыстық, республикалық деңгейдегі өткен білім саласы жағынан болсын, әр түрлі мәдени шараларда болсын жоғары дәрежелі деңгейде, қала мектептерінің арасында жоғарғы көрсеткіштерге ие болды. Атап айтар болсақ ....
2019-2020 оқу жылын 1119 оқушы аяқтады. 11 сыныпты 3 оқушы «Алтын белгімен» , 3 оқушы ерекше аттестатпен, 9 сыныпты 6 оқушы үздік аттестатпен аяқтады. 217 оқушы үздік (19%), 594 оқушы екпінді (53%). Білім сапасы 69 пайыз болды.
Өткен оқу жылында мектебімізді 50 түлек мектеп бітірді, 17 түлек грантқа түсті.
Мұғалім - мамандық болса, ұстаздық қасиет, табиғат дарытқан құдірет екен. Оқушы бойына қуат, жүрегіне жарық жігер беріп өрге сүйрейтін де, жанына азық, өміріне өзек боп төрге сүйрейтін де осы ұстаздық қасиет. Бүкіл ұстаздар қауымын әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады. Өткен жылдың айта кетерлік ерекшелігі де сонда Қазақстанда тұңғыш рет «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданды. Мұғалімдер айлығы 25 пайызға өсті , 2021 жылы тағы да 25 пайызға өседі деп күтілуде.
Бүгінгі күні мектепте 183 мұғалім жұмыс істейді . оның 28 зерттеуші, 24 сарапшы ,19 модератор, 14 жас мамандар.
2020-2021 оқу жылының бірінші жарты жылдығын 1331 оқушы , 48 сыныпта оқып жатыр. Кезекші сыныптарда 256 оқушы дәстүрлі білім алса , мектеп алды даярлық сыныбында 14 тәрбиеленуші білім алуда. 2021 жылдың қаңтар айынан бастап 9,11 сыныптарда 10 сыныпта, 141 оқушы кезекші сыныптарда білім алады деп күтілуде. Білім сапасы 62 пайыз болды.
Мектебіміздің жыл сайын материалдық техникалық базасы нығайып келеді. Үстіміздегі жылы жан басына шаққанда қаржыландыруға байланысты мектеп бухгалтериясы құрылды. Жаңа оқу жылына барлық оқу кабинеттері ағымдағы жөндеуден өтті.
Биылғы жылы Мектеп ғимаратының кіре берісіне турникет орнатылды, асханаға ауа сорғыш қондырғысы қойылды, 3 кабинетке парта, орындық , шкафтарымен алынды. 3 принтер, 2 ксерокс, 2 диспенсер алынды.
Қашықтытқтан оқытылуға байланысты мектепке 10 моноблок, 97 ноутбук, 20 планшет , 14 компьютер, 164 дана роутер алынды. Алынған құрылғылар мен қондырғылар мектеп оқушыларына таратылып берілді. Мектепте 6 кабинет online сабақ өткізу жабдықталып сабақтар өтуде.
Жылуға есептегіш құралы қондырылды.
Мектеп айналасын көгалдандандыру барысында 250 терек, 9 ақ қайың егілді.
Білім беру қорынан 301 балаға мектеп формасы, сырт және аяқ киім т.б. , кеңсе заттары
2020 жылды Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Еріктілер қозғалысы» жылы деп жариялады. Осы орайда, мектебіміздің ұстаздары да өзіндік үлесін қосты. Алда келе жатқан парламент мәжілісі мен мәслихаттар сайлауына мектеп мұғалімдері белсене атсалысып сайлаушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар тұрмысы аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына жаңа жылдық сыйлықтар таратуда.
Әр Жаңа жыл өз жаңалығын әкеледі. Келер жылы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына орай мектебімізде біршама іс-шаралар өткізу жоспарлануда. 2021 жылы мектеп ғимараты күрделі жөндеуден өткізіледі деп жоспарлануда.
Құрметті мектеп мұғалімдері мен қызметкерлері !
Құрметті ата- аналар және білім алушылар!
Сіздерді табалдырығымыздан аяқ басқалы тұрған Жаңа 2021 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздерге келіп жеткен 2021 жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен толағай табыс тілеймін!
Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбастарыңызға баянды бақыт пен бақ - береке келсін!
«Басты байлық – денсаулық» деген бабалар аманатын басшылыққа алып, келер жылда аманшылықпен бас қосайық!
Ізгі ниетпен: Жақсыбеков Баймұрат Жақсыбекұлы
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Ш.Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінің директоры