18
январь
2024
"Қожа Ахмет Яссауи - мұсылмандардың рухани ұстазы" тақырыбында тарихи кеш өтті.
Шона Смаханұлы атындағы 44 орта мектебінде 19 қаңтар күні тарих пәні айлығы аясында Ш. Асылбекованың, Қ. Бекбосыновтың, Д. Нұрбекованың, Қ. Умиралиеваның ұйымдастыруымен 6 - 10 сынып білім алушылардың қатысуымен "Қожа Ахмет Яссауи - мұсылмандардың рухани ұстазы" тақырыбында тарихи кеш өтті. Бұл тарихи кешке Ш. Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қонаққа шақырылып, көрме ұйымдастырылып, таныстырылым жасалды. Кеште ән, Қ.А. Яссауидің нақыл сөздері, хикметтері айтылып, сахналық қойылымдар көрсетілді. Кеш соңында қонақтар мен оқушылар алғыс хаттармен марапатталды.