Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туылғанына 113 жыл толуына орай тарих пәні бірлестігі айлығының аясында «Дәуір данасы» атты іс-шара өткізілді. » СШ №44
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№44 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 52-20-82
Есепші бөлімі:
+7(726) 52-19-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туылғанына 113 жыл толуына орай тарих пәні бірлестігі айлығының аясында «Дәуір данасы» атты іс-шара өткізілді.
17
январь
2025

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туылғанына 113 жыл толуына орай тарих пәні бірлестігі айлығының аясында «Дәуір данасы» атты іс-шара өткізілді.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туылғанына 113 жыл толуына орай тарих пәні бірлестігі айлығының аясында «Дәуір данасы» атты іс-шара өткізілді.
Мақсаты: Д.А.Қонаевтың өмірінен оқушыларға мағлұмат беру. Д.А.Қонаев атамыз туралы ой-пікірлерін арттыру. Д.А.Қонаев туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру, кемеңгер тұлғаның қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі, экономика мен саясаттағы реформаларына талдау жасау арқылы білімдерін толықтыру.
Құндылық: Ұлы тұлғаның халқына сіңірген еңбегін, ерлігін насихаттай отырып, оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
  Іс- шара барысында Қонаев атамызға арналған әндерді  тарих пәнінің мұғалімі Абилова Құралай мен 8- сынып білім алушысы Түйтебай Инабат орындады, ал  4- сынып оқушылары өлең шумақтарын айтты. Экраннан Д.А.Қонаевтың өмірі мен қызметіне арналған бейнебаян көрсетіліп, «Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев туралы» білім алушылар  сахналық қойылым көрсетті.
Кеш қонақтары:
1. Д.А.Қонаев атындағы халықаралық қордың Жамбыл облыстық бөлімшесінің төрағасы – Асқарбеков Қибат Тлеуқұлұлы.
2. Жазушы, журналист, Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі – Көсемәлі Сәттібайұлы.
3. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Жамбыл облысы әкімдігі Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, Тілдерді оқыту орталығы, Ғылыми-әдістемелік бөлімінің басшысы – Әбдиев Ерман Қанжанұлы.
4. Әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері – Шағырбаев Бақыт Қысатайұлы.
5. Д.А.Қонаев атындағы халықаралық қордың Жамбыл облыстық бөлімшесінің кеңесшісі – Тұрлыбеков Нұғман Сүлетайұлы.
6. Д.А.Қонаев атындағы орталықтың меңгерушісі – Нұрланқызы Бекзат.
7. Д.А.Қонаев атындағы орталықтың экскурсоводы – Қырқымбаева Гаухар Қайратқызы.
  Кеш қонақтарына сөз кезегі беріліп, білім алушылар назарына мағыналы мәліметтер бойынша әңгіме өрбіді. Білім алушылардың кемеңгер тұлға туралы білімі кеш қонақтарынның тосыннан қойған сұрақтарына толық жауап бере алғандарынан білінді. Д.А.Қонаев атындағы халықаралық қордың Жамбыл облыстық бөлімшесінің төрағасы Асқарбеков Қибат Тлеуқұлұлы белсенділік көрсетіп, сұрақтарға дұрыс жауап берген білім алушыларға алғыс хат, ұлы тұлғаның даналық сөздері жазылған кітапшаларын табыстады. Сонымен қатар қордың төрағасы Асқарбеков Қибат Тлеуқұлұлы   мектебіміздің директоры С.М.Иманбекова және бірнеше пән мұғалімдерін қорға мүшелікке алып, Д.Қонаевтың «төс белгісін» тарту етіп, даналық сөздері жазылған кітапшаларын сыйға тартты.
 Ұйымдастырылған іс-шара білім алушылардың білімге деген қызығушылығын арттыра, функционалды сауатты, білім  білік дағдыларын дамыта, жаһандану үдерісіне сай тұлға қалыптастыруға ықпал ете жүзеге асырылды.  Тарих пәні бірлестіктігінің өткізген іс- шараға әкімшілік мүшелері, пән мұғалімдері қатысып, өткізілген іс- шара бойынша өз ойларын айтып, ризашылығын білдірді.








Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив