«Азат жырдың абызы-Дулат Бабатайұлы» (Дулат Бабатайұлының 220 жылдығына арналған әдеби-сұхбат кеш) » СШ №44
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№44 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 52-20-82
Есепші бөлімі:
+7(726) 52-19-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Азат жырдың абызы-Дулат Бабатайұлы» (Дулат Бабатайұлының 220 жылдығына арналған әдеби-сұхбат кеш)
27
сентябрь
2022

«Азат жырдың абызы-Дулат Бабатайұлы» (Дулат Бабатайұлының 220 жылдығына арналған әдеби-сұхбат кеш)

«Азат жырдың абызы-Дулат Бабатайұлы»
       (Дулат Бабатайұлының 220 жылдығына арналған әдеби-сұхбат кеш)
      Тараз қаласы Шона Смаханұлы атындағы №44 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Азат жырдың абызы-Дулат Бабатайұлы» тақырыбында Дулат Бабатайұлының 220 жылдығына арналған әдеби-сұхбат кеш өткізілді.
Аталған іс-шараның мақсаты – оқырман қауымға қазақ жырының дүлдүлі Дулат Бабатайұлының өз кезеңіндегі әлеуметтік және тәрбиелік мәні зор мәселелерді арқау етіп, өскен жерге деген  перзенттік шынайы сезімін паш ететін шығармаларын, өмір жолын, ерен еңбектерін таныстыру, насихаттау.
     Әдеби-сұхбат кешке қатысқан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рысбекова Алтынай және 11- сынып оқушысы   Талғарбай  Дулат  іс-шара барысында өздеріне бекітілген жүргізушілік міндетті аса жауапты да сауатты атқарып, кештің мәнді де мазмұнды  өткізілуіне үлестерін қосты.
    Аталған  кешке  қонаққа филология ғылымдарының  кандидаты, Тараз өңірлік университетінің «Филология және журналистика» кафедрасының доценті Мұқашев Темірбай Әліұлы және филология ғылымдарының  кандидаты, Тараз өңірлік университетінің «Қазақ тілі  мен әдебиеті» кафедрасының профессоры Исматова Сейсекүл Молдабекқызы келді. Әдеби-сұхбат кешке қатысушылар «Дулат Бабатайұлы және зар заман поэзиясындағы образдар жүйесі» , «Дулат бабамыз өмір сүрген кезеңде қазақ қоғамының ішкі саяси жағдайы қандай болған?», «Дулат Бабатайұлының қазақ әдебиеті  тарихындағы орны», «Бүгінгі қалам ұстаған буын Дулат Бабатайұлының бейнесін назардан тыс қалдырып  алған жоқ па?» деген  тағы да басқа  тақырыптар мен сұрақтарды  кеңінен талқыға салды.
     Сонымен қатар, мектеп оқушылары Дулат Бабатайұлының өлеңдерін жатқа айту арқылы көркем оқу өнерін көрсетті.
    Дулат Бабатайұлының 220 жылдығына арналған әдеби-сұхбат кештің соңында сөз кезегі №44 орта мектептің директордың уақытша міндетін атқарушы Райкулов Мәулен Райқұлұлына берілді. Мәулен Райқұлұлы  келген қонақтарға  жылы лебізін, алғысын   білдірді.ң
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив