PISA – 2022 халықаралық зерттеуі » СШ №44
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№44 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 52-20-82
Есепші бөлімі:
+7(726) 52-19-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » PISA – 2022 халықаралық зерттеуі
08
апрель
2022

PISA – 2022 халықаралық зерттеуі

PISA – 2022 халықаралық зерттеуіне Тараз қаласы, Шона Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінің  жасы 15 ке толған 9-10 сыныптардан құралған 41 оқушысы алғаш рет қатысып, өз  білімдерін сынға салды. PISA  халықаралық  зерттеуіне қатысатын оқушыларға мектеп әкімшілігі сәттілік тілеп, мектеп оқушылары шағын концерттік бағдарламамен ашылу салтанатын жасады. PISA халықаралық зерттеуінің мақсаты:  мектептің білім беру тиімділігін, 15 жастағы оқушылардың математикалық, оқу және жаратылыстану сауаттылықтарынан оқу жетістіктерін салыстырмалы бағалау арқылы анықтау. Ұйымдастырылған іс-шара барысында
оқушылар  екі сағат тест тапсырып, 45 минут сауалнама толтырды. Тапсырмалар саны  жаратылыстану бағыты бойынша басым болды. Зерттеу жұмыстарына қатысқан оқушылар қорытынды бөлімде PISA бойынша өз ойларын ортаға салды. Атап айтар болсақ 10- «Ә» сынып оқушысы  Кунакова Сабина және 9-«Б» сынып оқушысы Тұрсынхан Жұлдыз былай деді:
– Біз PISA халықаралық зертеуіне алғашқы рет қатыстық. Бұл зерттеу жұмысын абыроймен тапсыру біздің борышымыз болды. Себебі, осы арқылы біздің мектептің, өзіміздің ең бастысы мемлекеттің білім деңгейін айшықтайды. Біздің мектебіміздің директоры Жақсыбеков Баймұрат Жақсыбекұлына, PISA  мектеп үйлестірушісі Ерғали Айман Ерғалиқызына және ұстаздарыма алғысымызды білдіреміз. Біздің ойымызша ұстаздар оқушыларды PISA-ға жақсы дайындықпен жіберді. Бізге бұл тестілеуде  келген сұрақтар қатты қиындыққа түскен жоқ. Барлық достарымызға да солай болды деп ойлаймын. Зерттеу жұмысына қатысқанымызды мақтан етемін, әрі келешегіме жаратамын деп ойлаймын- деді.Жалпы
өткізілген іс-шара жоғары деңгейде өткізіліп, оқушыларымыз, мектеп үйлестірушісі және мектеп директоры комиссия мүшелері тарапынан алғыс хатпен марапатталды.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив