«Жаңару күні» – табиғат пен тіршіліктің қайта түлеп, жаңғыруын
19 наурыз «Жаңару күні» – табиғат пен тіршіліктің қайта түлеп, жаңғыруын білдіретін кезең. Наурыз мейрамы аясындағы бұл күн – жаңарудың, тазалықтың және жаңа бастамалардың белгісі. Бұл күні адам жаны да, қоршаған орта да тазарады. Шона Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінде аталған мерекеге орай «Болашақты бірге отырғызамыз» атты ағаш отырғызу акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында табиғатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін