15
январь
2026
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы
Ш. Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында өткізілетін «Заң және тәртіп» айлығының аясында, «Өмірге салауатты қадам, Сенің әрекетің- сенің жауапкершілігің», «Есірткіге, алкогальге, темекіге «ЖОҚ» деп айт. Еркін бол» атты тақырыбында түсіндіру жұмысы жүргізілді. Психобелсенді заттарды қолданудың алдын алу байынша Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының маманы Байгутдинова Жанар Бектурсыновна және әлеуметтік педагог Қайрат Динара Азаматқызының жетекшілігімен 9 және 10 сынып оқушыларына дәріс оқылды. Нашақорлық – қоғам үшін үлкен қауіп. Әсіресе синтетикалық есірткінің таралуы жастар арасында алаңдаушылық туғызуда. Есірткі, алкаголь, темекіден бас тарту, білім мен ақпарат алу, жақындарына қолдау көрсету – әр адамның денсаулығын сақтауға және қоғамды қауіпті эпидемиядан қорғауға қосқан үлесі болмақ. Күш біріктіре отырып, балаларға мектепте де, үйде де қауіпсіз орта жасай алатынымызға баса мән берілуі қажет.