Мектебімізде аттестат тапсыру рәсімі өтті
Мектебімізде 2025–2026 оқу жылының түлектеріне арналған салтанатты аттестат тапсыру рәсімі өтті. Бұл – мектеп қабырғасында білім алып, үлкен өмірге қадам басқан жас түлектер үшін ерекше де толғанысты сәт болды. Салтанатты шара барысында түлектерге аттестаттар табысталып, ұстаздар мен ата-аналар жүрекжарды тілектерін жеткізді. Биылғы оқу жылында мектебіміздің жетістіктері де аз болған жоқ. Атап айтқанда, екі оқушымыз: Құдайберген Толғанай мен Орынбай Әлия «Алтын белгі» иегері атанып, өздерінің